From Wikipedia, the free encyclopedia
«Тоттенхэм Хотспур» (ағылш. Tottenham Hotspur Football Club) — Англия Премьер-лигасында өнер көрсететін лондондық клуб. 1882 жылы құралған. Лақап аты "Шпорлар" («Spurs»). Стадион аты аттас «Тоттенхэм Хотспур» — Лондонның солтүстігіндегі Харингей ауданында орналасқан.
Тоттенхэм Хотспур | ||||
Толық атауы |
Tottenham Hotspur Football Club | |||
---|---|---|---|---|
Лақап аттары |
Шпорлар (ағылш. The Spurs) | |||
Құрылған жылы |
5 қыркүйек 1882 (Hotspur F.C. атымен құрылған) | |||
Стадионы |
Тоттенхэм Хотспур | |||
Сыйымдылығы |
62 850[1] | |||
Иесі |
ENIC International Ltd. | |||
Президенті | ||||
Бас жаттықтырушы | ||||
Капитаны | ||||
Рейтингі | ||||
Сайты | ||||
Жарыс | ||||
2021/22 |
4-ші | |||
Формасы | ||||
| ||||
«Тоттенхэм Хотспур» XX ғасырда бірінші рет чемпионатты жеңіп және Англия Кубогына ие болып, 1960/1961 маусымында "алтын дубль" жасады. 1963 жылы еуропалық кубок — УЕФА Кубок иегерлерінің кубогінде жеңіске жетіп, «Шпорлар» осы жарысты ұтып алған ең алғашқы британдық клуб болды. 1980 жылдары «Шпорлар» бірнеше трофей ұтты, атап өтсек: екі рет Англия Кубогін, Англия Суперкубогін, және УЕФА Кубогін (1983/1984). 2008 жылы «Тоттенхэм», Футбол лигасының финалында «Челсиді» қосымша уақытта 2:1 есебімен ұтып, "Кубок иегерлері" атанды, сөйтіп, клуб соңғы 60 жыл бойы, «Манчестер Юнайтед» секілді жоқ дегенде он жылда бір титул ұтады.
«Тоттенхэм» көршілес лондондық «Арсеналмен» бұрыннан бақталасады, бұл екі команда арасындағы ойынды «Солтүстік Лондонның дербиі» деп атайды.
«Тоттенхэм Хотспур» клубының тарихы 1882 жылы 5 қыркүйек күні басталды. Жергілікті мектептің бірнеше оқушылары өздерінің футбол командасын құрамыз деп шешті. Олар крикет клубының мүшелері болатын, бірақ крикет сезоны өз мәресіне жетті, ал оқушылар тағы да басқа ойын ойнағысы келді. Ең басында команда аты «Хотспур» болған. Сосын 1884 жылдан бастап өзінің бүгінгі атын алды.
Ең бірінші ресми тіркелген ойынды «Тоттенхэм», «Арсеналдың» болашақ арғы атасы – «Дайал Скверге» қарсы өткізді. Ойын ақшам түскендіктен аяқталған жоқ, бірақ ойын аяқталар шақта, есеп «Тоттенхэм» пайдасына 2:1 болды. Ал Англия біріншілігіне алғашқы ойын, 1892 жылдың 24 қыркүйегінде, Оңтүстік альянс біріншілігінде өтті. «Политехник» клубын 2:1 есебімен ұтты. 1899 «шпорлар» Хай Роудке көшті. Болашақта ол орын «Уайт Харт Лейн» деп аталды. 1900 жылы команда Оңтүстік лига Кубогін ұтып, Англия Кубогінде ойнауға мүмкіндік алды. Сөйтіп, «шпорлар» ақтық сынға дейін жетті. Олардың қарсыласы «Шеффилд Юнайтед» болды. «Кристал Пэлас» стадионында 114 815 билет сатылды. Сонымен ойын басталды. 11-минутта «Шеффилд» есеп ашты, бірақ «Тоттенхэм» шабуылшысы Александр Браун оны теңестірді. 50 минутте сол Браун Лондондық клубты алдыға шығарды. Бірақ бір минуттан кейін «Шеффилд» өте даулы гол соқты: Кристтың жасаған пасынан кейін «шпорлардың» қақпашысы допты қолынан түсіріп алды. Жиектегі төреші бұрыштама добына көрсеткенімен, бас төреші Кингскотт гол соғылды деп санады. 2:2, тең есеп, командаларға қайта ойнау керек.
Ойын Болтон қаласында қайта өткізілді. «Тоттенхэм» бірінші болып гол өткізіп алды, бірақ ойын аяғына дейін үш гол соғып, 3-1 есебімен ұтты. Команда капитаны Джонсқа берген кубокқа, клуб директорының әйелі қуанғаннан түрлі-түсті ленталар байлап қойды. Сол уақыттан бері бұл іс дәстүрге айналып кетті.
1908 жылы «Тоттенхэм», «Сток Ситидің» орнына екінші дивизонға түсті, және бірден екінші орын алып, бірінші дивизонға қайта шықты. Бірінші дивизонда жиырма команданың ішінен 15-орын алды, бірақ күміс иегері «Ливерпульді» 1-0 , ал қола иегерлері «Блэкбернді» 4-0 есебімен ұтты. 1915 жылы «Тоттенхэм» сонғы орын алып, екінші дивизонға қайты түсіп кетті. Осы уақытта соғыс басталып кетеді...
Соғыстан кейін, 1919 жылы жоғарғы лиганы қайта құрап, мүшелер санын 22-ге дейін ұлғайтуды шешті, бірақ «шпорлардың» жоғарғы лигадағы орнын, соғысқа дейін тек қана астыңғы дивизионда 5-ші орында болған «Арсеналға» берді. ФА басшылығымен «Арсенал» иегерлерінің таныстығына байланысты осындай жағдай болды деген сыбыс бар.
Екінші дивизон турнирін «Тоттенхэм» бірнеше рекорд орнатып, тамаша ойынның арқасында ұтып алды. Ал 1920 жылы «Тоттенхэм» «Вулверхэмптон Уондерерс» командасын жеңіп, Англия Кубогін екінші рет ұтты, жалғыз голды Диммок соқты. Келесі маусымда команда 6-шы орын алды, одан кейін күміс медаль иегерлері атанды. Бірақ 1923 жылы − тек 12-ші орын, содан кейінгі жылдары ауыр кезеңді бастан кешті — 12,13,15 орындарда ғана мәреге жетті. 1928 жылы «Тоттенхэм» лигадан ұшып кетті. 1933 жылы «шпорлар» лигаға екі жылға оралды. Бірінші маусымда олар күтпеген жерден үшінші орын алды. Бірақ келесі жылы — соңғы орын, және клуб екінші дивизонға қайта оралды.
Команданың дамуы Артур Роув есімімен байланысты, ол клубты 1949 жылы қолға алды. Артур өзінің «ұр да қаш» тәсілімен белгілі болған. Ол тактикаға байланысты, ойыншы, допты алған соң, бірден өзінің командаласына пас беріп, өзі бос жерге жүгіріп барып, жауап пасты күту керек. Мұндай әдіс-тәсілге ағылшын клубтары дайын болмағандықтан, «Тоттенхэм» оңайлықпен екінші дивизион біріншілігін 1950 жылы ұтып, жоғарғы лигаға көтерілді.
Команда жарысқа сенімсіз кірісті, бірақ содан соң қатарымен жеті рет жеңіске жетті. Ең басты жеңіс 1950 жылы 18 қарашада болды, сол кезде көш бастап келе жатқан «Ньюкасл Юнайтед» клубын, «Тоттенхэм» 7:0 есебімен талқандады. Сол маусымда «шпорлар» сенсациялық түрде чемпионатты ұтып алды. Келесі маусымда қайтадан сол жетістікке жете жаздады, бірақ «Манчестер Юнайтед» оларды төрт ұпайға озды.
Келешекте команда нашар ойнады . Бұлай болатын себебі, Роувтың революциялық ойнау әдіс-тәсілін Англияның басқа клубтары қолдана бастады. «Тоттенхэм» алдымен 10-шы, содан соң 16-шы орын алды. 1954 жылы бас бапкердің жүйке жүйесі бұзылып, ол өзінің орынын босатты. Команданы Джимми Андерсон қолға алды, клуб, оның басшылығынмен Англия чемпионатының екі медаліне ие болды.
Бірінші маусымды «Тоттенхэм» тек 8-ші орынмен аяқтады. Клубтың жаңа жаттықтырушысы болып Освальдо Ардилес тағайындалды. Юрген Клинсман, Тедди Шерингем, Даррен Андертон, Илие Думитреску, Ник Бармби сынды атақты футболшылар сатып алынды. Оларға көптеген ақшалай қаражат жұмсалды. Юрген Клинсманды жанкүйерлер өте жақсы көрді. Бірақ ол сатып алынған ойыншылар еш пайда алып келген жоқ: 1993/94 маусымында тек қана 15-шы орынға ие болды. Ардилесті қызметтен босатты.
Жаңа басбапкер болып Джереми Фрэнсис тағайындалды. Оның кезінде «Шпорлар» 7-шы орын алды. 1997\1998 маусымын клуб өте сәтсіз бастады. Жарыс кестесінде 18-ші орынға дейін түсіп кеткен соң Фрэнсисты жұмысынан босатты. Жаңа бас бапкер болып Кристиан Гросс тағайындалды, ол клубты 1-ші дивизионға шығудан сақтап қалғанымен, келесі маусымның 3-ші айналымда Гроссты жұмыстан босатып, орнына «Тоттенхэмның» қарсылас-клубы «Арсеналды» жаттықтырған Джордж Грэмды тағайындады. Жанкүйерлердің наразылығына қарамастан клуб жақсы өнер көрсетіп, Лига Кубогын ұтып, Англия Кубогының жартылай финалына дейін жетті. Командада Давид Жинола есімді жаңа жұлдыз пайда болды, ол Англияның ең үздік футболшысы деп танылды.
2001 жылы «Тоттенхэмның» кезекті жаттықтырушысы болып Гленн Ходдл тағайындалды. Оның алғашқы ойыны, Англия Кубогының жартылай финалында «Арсеналды» жеңуімен аяқталды. Ходдл - Тедди Шерингэма, Густава Пойетта және Кристиана Циге сынды тәжірибелі ойыншыларды пайдаланды. «Тоттенхэм» жақсы ойын өрнегін көрсете бастады. 2001/02 маусымында клуб тоғызыншы орын алып, Англия Кубогының ақтық сынына дейін жетті.
Келесі маусым сәтті басталды – ақпанның аяғында «Тоттенхэм» үздік алтылықта болды. Бірақ соңғы 10 ойында тек 7 ұпайды еншілеп, оныншы орынға түсіп кетті. Кейбір ойыншылар Гленн Ходдлдың басқару жүйесімен сөйлесу мәнерін көпшілік алдында сынады. 2003/04 маусымындағы сәтсіз бастамадан кейін (6 ойында - 4 ұпай) Ходдл жұмыстан босатылды. Уақытша жаттықтырушы қызметін маусым аяғына дейін Дэвид Плит атқарып, 14-шы орын алды.
2004 жылдың мамырында «Тоттенхэм» француз маманын Жак Сантиниды бас бапкер қызметіне тағайындады. Сантини қызық жағдайлардан соң, 13 ойыннан кейін қызметінен біржола кетті. Сантинидың орнына оның көмекшісі Мартин Йол келді. Голландық «Шпорлардың» дертті жанкүйерлерінің еркесі атанып, команданы тоғызыншы орынға көтерді.
«Тоттенхэм» 2005/06 және 2006/07 маусымындарында үздік бестіктің қатарында болды. Келесі маусым басы сәтсіз болғандықтан Йол қызметтен босатылды. Жаңа бапкер боп Хуанде Рамос тағайындалды, 2008жылдың ақпанында Лига Кубогының ақтық сынында «Челсидан» басым түсті. Сол жылдың қазан айында маусым басталуы сәтсіз болды, сондықтан Испан маманы Хуанде Рамосты жұмысынан босатты.
2008 жылдың 26 қазанынан бастап «Портсмутты» жаттықтырған Харри Рэднапп бас бапкер болды. Сол күні «Тоттенхэм» – «Болтонмен» кездесіп 2:0 есебімен ұтып, өзінің Премьер Лигадағы бірінші жеңісін тойлады. Қыс кезінде біршама ойыншылар сатып алынды. Атап айтқанда: «Ливерпульде» бағы ашылмаған Робби Кин, және Паскаль Шимбонда қайта оралды, «Челсиден» Карло Кудичини «Уиганнан» Уилсон Паласиос. Жазғы маусым аралағында Харри Реднапп бірнеше ойыншыларды сатып алып, команданы күшейтуді бастады, атап айтқанда: «Шеффилд Юнайтедтен» жас Кайл Нотон мен Кайл Уокерді, «Ньюкаслден» Себастьян Бассонгты, «Порстмуттен» Питер Крауч және Нико Кранчарды. «Шпорлар» төрт ойынның төртеуінде ұтып 2009/10 маусымын өте жақсы бастады. Айдың қорытындысы бойынша Харри Реднапп ең үздік бапкер, ал Джермейн Дефо үздік ойыншы деп танылды. Қысқы трансфер кезеңінде клубқа «Тоттенхэмде» бұрын өнер көрсеткен Юнес Кабул қайта оралды, және «Селтикке» кеткен Робби Кинның орнына, Лондондық «Челсидың» танымал шабуылшысы Эйдур Гудьонсен жалға алынды.
Бірінші айналымның соңында өздерінің үздік төртікте болғысы келетіндігін білдіріп «Тоттенхэм» жарыс кестесінің үстінде орналасты. 2010 жылдың 14 сәуірінде «Тоттенхэм» өздерінің Премьер Лигадағы соңғы 11 жыл бойы жеңе алмаған қас жаулары «Арсеналды» 2:1 есебімен ұтты. 3 күннен соң дәл сол есеппен лондондық «Челсиды» жеңді. 5 мамырда «Манчестер Сити» клубынан 1:0 есебімен басым түсті. Өз тарихында алғаш рет Чемпиондар Лигасының квалификациялық кезеңіне жолдама алды. Харри Реднапптың жетістігі жай қалған жоқ, ол маусым қорытындысы бойынша Премьер Лиганың ең үздік бас бапкері болып танылды.
Келесі маусымда «Шпорлар», Чемпиондар лигасы мен ағылшын премьер лига арасында күш жұмсауға мәжбүр болғандықтан, тек қана 5-ші орынға ие болды. Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде, «Интер», «Твенте» және «Вердерді» басып озып, бірінші орынға ие болды. 1/8 финалда «Милан» клубынан басым түсті, бірақ келесі кезеңде «Реалға» қарсы тұра алмады, ортақ есеп 5-0. Бұл матча антирекорд орнатылды, бұған дейін Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде, ағылшын футбол клубтары ешқашан 5-0 (екі ойын соммасы бойынша) есебімен ұтылып көрмеген.
2011/12 маусымын команда төртінші — чемпиондарлигасы орынында аяқтады, бірақ чемпионатты 6-шы орынмен аяқтаған «Челси», Чемпиондар Лигасының ақтық сынында «Баварияны» ұтып, автоматты түрде келесі маусымда Лигаға қатысу құқығына ие болды. Сол үшін «шпорлар» жарысқа қатыса алмай, Еуропа Лигасына жүлдеме алды. Жаңа маусым басталар алдында, клубта бас бапкер ауысты, команданы үш жылдан көп жаттықтырған Харри Реднапптың орнына, бұрын «Порту» және «Челси» клубтарында бапкер болған – Андре Виллаш-Боаш келді.
2012/13 маусымын командалық есеп бойынша ағылшын премьер лигасын — 72 ұпаймен бесінші орынында аяқтады.
2013/14 маусымын командалық есеп бойынша ағылшын премьер лигасын — 69 ұпаймен алтыншы орынында аяқтады.
2013/14 маусымын командалық есеп бойынша ағылшын премьер лигасын — 72 ұпаймен бесінші орынында аяқтады.
2014/15 маусымын командалық есеп бойынша ағылшын премьер лигасын — 64 ұпаймен бесінші орынында аяқтады.
Өтініш, осы бөлімді толықтырыңыз. |
* Суперкубоктегі жеңістің бөлінуі (матчтарда командалар тең түсіп, ақтық сынға жеткен клубтың екеуі де жеңімпаз атанды)
Жарыс | Қарсылас | Қорытынды | Жыл | Ескертпе |
---|---|---|---|---|
Бірінші дивизион | Ноттингем Форест | 9:2 | 1968 | |
Екінші дивизион | Бристоль Роверс | 9:0 | 1977 | |
Премьер-лига | Уиган Атлетик | 9:1 | 2009 | 5 допты Джермейн Дефо соқты |
Англия Кубогы | Кру Александра | 13:2 | 1960 | |
УЕФА Кубогы | Кеблавик | 9:0 | 1971 | |
Кубок иегерлерінің кубогы | Слован | 6:0 | 1963 |
Жарыс | Қарсылас | Қорытынды | Жыл | Ескертпе |
---|---|---|---|---|
Бірінші дивизион | Ливерпуль | 0:7 | 1978 | |
Интертото Кубогы | Кельн | 0:8 | 1995 |
Алғашында «Тоттенхэм» көк жейдеде ойнады. 1884-1886шы жылдары жейделері ақты-көкті болды. 1890 жылы жейделері қызыл түске ауысты. Біршама уақытта жейделері шоколадты-алтын аралас вертикальды сызық ,ал шолақ шалбары - қара түсті болды. Тек 1896 жылы команда бір жола көк шолақ шалбар мен ақ жейде киді.
1882-1884 жылдары клуб нышаны жай ғана Н әріпі болды (Hotspur сөзінің алғашқы әріпі) 1909 жылы «Уайт Харт Лейн » стадионында доп үстіндегі қораздың ескерткіші орнатылды, содан соң ол клубтың елтаңбасына айналды. 1956 жылы көк қалқанның ортасында қораз орналасқан жаңа елтаңба қабылданды. Астыңғы жағында «THFC» (клуб атының ресми аббревиатурасы) жазбасымен қалқанды ұстап тұрған екі қызыл арыстан суреттелген. Сол жақ үстіңгі бөлігінде Кастл сарайының мұнарасы,оң жақ үстінгі бөлігінде - лондондық Пейдж Грин шағын орманында өсетін жеті шегіршін бейнеленген. Тарихшылардың бағамдауынша ол шегіршіндер мыстандарды өртеген жерге көрсетеді. Эмблеманың астыңғы жағындағы лентада «AUDERRE EST FACERЕ» (клуб ұраны) жазылған.
1983 жылы эмблема ықшамдатылды. Онда қалқан ұстап тұрған арыстандар, қораз, және ұран жазылған лента қалды. Бұл күйінде эмблема 2006 жылға дейін болды. Сол жылы ребрендинг жүргізілді: елтаңбада тек қана доп үстінде тұрған қораз және оның астында клуб атауы : «TOTTENHAM HOTSPUR» қалды.
Ұран 2006 жылға дейін латтының «Audere est facere» нақыл сөзі болды. 2006 жылы ол сөздер ағылшын тіліне аударылып, былай үндеді: «To dare is to do».
Клубтың екі «ресми» лақап аттары бар – spurs (шпорлар) және Lilywhites (лалагүл-ақ). Олар клубтың ресми атауы мен ойыншылар формасының түсімен байланысқан.
Клуб бой тұмары болып Чирпи есімді қара әтеш болып саналады
|
|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.